«Вакциналар барлық ұрпақ үшін жұмыс істейді». Осындай ұранмен 24–30 сәуір аралығында Дүниежүзілік және Еуропалық иммундау апталығы өтеді. Шара аясында Еңбекші ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ләззат Тұртаева екпе алудың маңыздылығы туралы айтты.
Апталықтың мақсаты – тұрғындардың вакцинацияның маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыру және жұқпалы аурулардың алдын алу. 21 инфекцияға қарсы вакцинация ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес тегін жүргізіледі.
ЛӘЗЗАТ ТҰРТАЕВА, ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНЫҢ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
– «Әрбір ата-ана нені білуі тиіс? Бұл – 21 инфекцияға қарсы ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес халықты вакцинациялау тегін жүргізіледі. Халықты иммундау үшін ҚР-да мемлекеттік тіркеуден өткен вакциналар қолданылады. Әрбір вакцина қауіпсіздігі мен тиімділігі тұрғысынан егжей-тегжейлі талдаудан өтеді…»
Вакциналар – қоғамдық денсаулық сақтаудың ең тиімді құралдарының бірі. Сарапшылардың бағалауынша, соңғы 50 жылда екпе 150 миллионнан астам адамның өмірін сақтап қалуға көмектесті. Бұл – адамдардың өздерін, балаларын және айналасындағыларды қорғау үшін қабылдаған шешімдерінің нәтижесі. Мамандар уақытында екпе алып, өзіңізді және жақындарыңызды қорғауға шақырады.