Ұлттық ұланның жыл сайын дәстүрге айналған ауыспалы кубогы басталды. Оған әр жылдары мерзімді қызмет атқарған 500-ге жуық запастағы жауынгер қатысуда. Үш күнге созылатын жарыста қатысушылар спорттың 6 түрінен бақ сынайды.


 Қазақстанның Ұлттық ұланы 1992 жылы құрылған. Бүгінгі додаға содан бері әр жылдары мерзімді қызмет атқарған сарбаздар қатысуда. Олар қазақ күресі, футбол, жүзу, гир көтеру, арқан тартыс, аударыспақ сынды спорт түрлерінен бақ сынайды. Басты мақсат – өзара байланысты нығайтып, ұйымшылдықты арттыру.


 ТӨЛЕНДІ КӘРІБОЗОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫНЫҢ ЗАПАСТАҒЫ МАЙОРЫ
– «Біз бұл жарысты асыға күтеміз. Осы үшін барлық жұмысымызды ысырып, алдын ала дайындық жасаймыз.»


Жарысқа Қазақстанның барлық өңірінен 23 команда келген. Салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған спартакиада жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіледі. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы кубоктар мен медальдармен марапатталады.


 МЕЙРАМ МАХАТОВ, ЗАПАСТАҒЫ ПОЛКОВНИК
 – «Дәстүрлі спартакиада 10 жылдан бері өтіп келеді. Түрлі қалаларда ұйымдастырылады. Спорттың алты түрінен өтеді.»


ТАЛҒАТ ҚАСЫМБЕКОВ, ҰЙЫМДАСТЫРУ АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
 – «Басты мақсат – медаль не кубок алу емес, әскери достық.»


 Ұйымдастырушылар жарыстың басты мақсаты – әскери достықты нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау екенін айтады.