Сай-саланы заңсыз қоқыс полигонына айналдырғандар көбейген. Қоршаған ортаға немқұрайлы қарайтын кейбір азаматтар елді мекен іргесіндегі ашық орындарға тұрмыстық қалдықтарды тастап, аумақтың ажарын бұзған.


 Одан шығатын жағымсыз иіс қолқаны қабып, жергілікті тұрғындарды мезі еткен. Экология департаменті арнайы рейд жүргізіп, осындай 18 нүктені анықтаған. Тазарту жұмыстары жүргізіліп, аймақ күл-қоқыстан тазартылды. Жауаптылар енді мәселелі орындарға бейнебақылау камераларын орнатуды жоспарлап отыр.


САПАР ТҰРСЫНБЕКОВ, ҚАЛАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
 – «Өздеріңіз көріп отырғандай, табиғатқа, қоршаған ортаға немқұрайлы қарайтын кейбір азаматтар қоқыс тастаған. Оларға заңнамаға сай айыппұл салынады.»