Кітапқұмар оқушылар өзара мықтыларды анықтады. Шымкент қаласында «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында «Кітап оқитын мектеп» бағыты бойынша финалдық кезең өтті. Аталған іс-шара оқушылар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Сондай-ақ олардың зияткерлік әлеуетін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.


 Мегаполисте «Кітап оқитын мектеп» бағытының финалдық кезеңі өтті. Байқауда 8, 9, 10-сынып оқушылары бақ сынады. Финалдық кезең орыс тілінде жазылған шығармаларды оқыған оқушылар арасында өтті. Әр ауданнан жүзден жүйрік шыққан оқырмандар кіл мықтының ішінен үздігін анықтады. Ақтық кезеңге өткендердің барлығы – ойы терең, сөзге шебер шәкірттер. Игі жобаны Шымкент қаласы әкімдігі қолдап, «AMANAT» партиясы «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорымен бірлесіп жүзеге асырды.


ДӘМЕЛІ БІЛІСБЕК, ЖОБА ЖЕҢІМПАЗЫ
Мен бұл байқауға қатысар кезде қатты уайымдадым. Бірақ көп оқыдым, берілген әдебиеттерді бірнеше рет қайталап шықтым. Қазір еңбегімнің нәтижесін көріп отырмын. Бұл жоба арқылы көптеген достар таптым. Мені дайындаған ұстаздарыма алғысымды білдіремін.