Шымкентте №26 мектеп-гимназия маңындағы заңсыз құрылыс нысандарын бұзу жұмыстары басталды.


 Шымкент қалалық орта сапасын бақылау басқармасының қызметкерлері Тұран ауданы, Чапаев өткелі маңында орналасқан құрылыс дүкеніне қатысты тексеру жүргізді. Нәтижесінде нысандардың тиісті құжаттары рәсімделмей, мемлекеттік жер учаскелеріне заңсыз салынғаны анықталды. Осыған байланысты басқарма тарапынан құрылыс нысандарын бұзу туралы сотқа талап-арыз беріліп, сот шешімімен бұзу жұмыстары басталды.