Сауран ауданындағы «Басқармалар үйінде» «Жалпыұлттық құндылықтар – ел дамуы» жобасы аясында «Ұлттық құндылықтар апталығы» атты аудандық байқау өткізілді. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, қазақ халқының салт-дәстүрін дәріптеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту және отансүйгіштік рухты қалыптастыру.


Шара барысында қазақтың ұмыт болған салт-дәстүрлері кеңінен насихатталып, ұлттық ойындар мен дәстүрлі тағамдар таныстырылды. Сонымен қатар, қатысушылар халықтың рухани мұрасын шығармашылық арқылы жеткізіп, ұлттық өнерді кеңінен дәріптеді. Іс-шара аясында аудандық әжелер алқасының қатысуымен «Ашамай» дәстүрі көрсетіліп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Сонымен қатар, аудан мектептерінің оқушылары дайындаған қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды. Кеш барысында аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасы ұсынылды. Байқау қорытындысы бойынша үздік қатысушылар анықталып, арнайы марапатталды. Шара соңында ұйымдастырушылар ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған мұндай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтіп, барлық қатысушылар мен көрермендерге алғыстарын білдірді.