Түркістанда International Nomad Science Fair – 2026 халықаралық білім көрмесі өтті. Шарада мектеп оқушыларының тың иэдеялары мен ғылыми жобалары көпшілік назарына ұсынылды.


Көрменің басты мақсаты – Қазақстан мен Түркия елдері арасындағы мәдени және ғылыми байланысты нығайту. Жас ұрпақтың ғылымға деген қызығушылығын арттыру, олардың зерттеу жұмыстары мен жобаларын қолдау болып табылады. Сонымен қатар, бұл алаң – талантты оқушылардың өз идеяларын ұсынып, болашаққа нық қадам жасауына мүмкіндік беретін орта. Жас зерттеушілердің ізденісі, шығармашылығы және ғылымға деген қызығушылығы ерекше әсер қалдырды. Әр жоба – үлкен еңбектің, табандылықтың және жаңашыл ойдың нәтижесі.