Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков кезекті аралау барысында көлік инфрақұрылымын дамыту және көше-жол желісін жаңғырту бағытында жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысты.


 Абай ауданында Арғынбеков көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолының құрылыс барысы тексерілді. Жүргізіліп жатқан жұмыстар жаяу жүргіншілердің қауіпсіз әрі қолайлы қозғалысын қамтамасыз етуге бағытталған. Әл-Фараби ауданында Майлықожа көшесіндегі жол жабынын төсеу жұмыстары қаралды. Сонымен қатар Қонаев даңғылының жалғасын салу және А-2 айналма жолының құрылыс барысы зерделенді. Аралау қорытындысы бойынша жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына бақылауды күшейту тапсырылды. Ал мердігер ұйымдарға белгіленген мерзімдерді қатаң сақтау жүктелді.