Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің тапсырмасына сәйкес, қала аумағында орналасқан көтерме сауда нысандарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының негізсіз өсуінің алдын алу мақсатында бақылау жұмыстары күшейтілді.
Осы мақсатта құзырлы мемлекеттік органдардың өкілдерінен құралған комиссия «Акбар», «Барыс», «Пионер», «Жібек жолы» және «Алаш» көтерме сауда базарларында жүйелі түрде бақылау жүргізді. Негізгі мақсат – бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу және сауда үстемесінің 15 пайыздан аспайтын шекті мөлшерінің сақталуын қамтамасыз ету. Сонымен қатар, баға белгілеу жүйесінің ашықтығын арттыруға, делдалдар тізбегін қысқартуға және тауарларға дұрыс баға белгілерінің қойылуына ерекше назар аударылды. Шара аясында кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша белгіленген талаптар жан-жақты түсіндірілді.