Ұлттық кітап күніне орай «Ұлттық кітап – ұлт қазынасы» атты әдеби квизбук өтті. Қалалық орталықтандырылған балалар кітапханалары жүйесінде ұйымдастырылған мәдени шараға жас оқырмандар, ата-аналар және ақын-жазушылар қатысты.
Әдеби квизбук «Руханиятқа жол – кітаптан» апталығы аясында ұйымдастырылды. «Ұлттық кітап – ұлт қазынасы» тақырыбында өткен шарада қатысушылар өз білімдерін сынап, қызықты ойындар мен танымдық бағдарламаларға белсене қатысты.
ГҮЛМАЙРА СӘРСЕНБАЕВА, ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН БАЛАЛАР КІТАПХАНАЛАРЫ ЖҮЙЕСІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Іс-шараның мақсаты – кітапты насихаттау, балаларды кітапханаға тарту және кітап қорын кеңінен таныстыру. Сондай-ақ оқырман санын арттыру мақсатында осындай әдеби квизбуктар тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Орталық балалар кітапханасында өткен кездесуге фантаст-жазушы Сарманбай Исақ, балалар ақындары Айтбозым Мұратбеков пен Даркен Танабаев қатысып, оқырмандармен еркін форматта әңгіме өрбітті. Балалар өздерінің сүйікті өлеңдерін оқып, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. СПИКЕР:
ДАЯНА АМАНБЕК, ЖАС ОҚЫРМАН
Бүгін, 23 сәуір – Кітап күніне орай кітапханаға келіп, тақпақ оқыдым.
БАҚНҰР ӘРІПБАЙ, ЖАС ОҚЫРМАН
Кітап туралы өлең оқыдым
Квизбук соңында жас өнерпаздардың әні мен биі шараның көркін аша түсті. Сондай-ақ қатысушыларға заманауи «Devar» қосымшасы арқылы 3D және 4D форматындағы кітаптарды тамашалау мүмкіндігі ұсынылды.