Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысының атынан еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарды марапаттады. Мемлекеттік награда алғандар Қазақстан Республикасының Конституциясы жөніндегі республикалық референдумды дайындау мен өткізуге белсенді қатысқандар.
Салтанатты рәсім барысында марапат иелерінің адал еңбегі, жоғары азаматтық жауапкершілігі және өз ісіне деген беріктігі қоғам мен мемлекетке қызмет етудің жарқын үлгісі екені атап өтілді. Қала әкімі өз сөзінде ел тұрақтылығын нығайтуға, мемлекеттің дамуына және халықтың әл-ауқатын арттыруға қосқан үлестері үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар мұндай азаматтардың қажырлы еңбегі Әділетті Қазақстанды қалыптастырудың берік негізін қалайтыны ерекше айтылды. Жалпы, мемлекеттік наградалармен марапаттау – ел дамуына сүбелі үлес қосқан азаматтардың еңбегін бағалап, олардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.