Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Нұрлыбек Асылбековпен кездесті. Басқосуда өңірдегі денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері кеңінен талқыланды.


 Атап айтқанда, облысты дәрі-дәрмекпен тұрақты қамтамасыз ету, медициналық ұйымдарға қажетті препараттарды уақтылы жеткізу, сондай-ақ фармацевтикалық қызмет сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар сөз болды. Сонымен қатар қойма логистикасын жетілдіру, дәрі-дәрмектерді сақтау және тарату жүйесінің тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Өңір басшысы денсаулық сақтау саласы басты назарда тұрғанын атап өтті. Осы бағыттағы ұсыныстарды қарастыруға дайын екенін жеткізді. Сонымен бірге дәрі-дәрмекті бөлуде әділдікті сақтау, шын мұқтаж науқастарды қамту, саладағы заңсыздықтар мен олқылықтарды жою мәселелері де көтерілді. Кездесу соңында тараптар денсаулық сақтау саласындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға дайын екендерін білдіріп, тұрғындарды сапалы әрі қолжетімді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бағытындағы бірлескен жұмысты жүйелі түрде жалғастыруға уағдаласты.