Шымкент қаласында 10-сынып оқушыларына арналған 5 күндік оқу-дала жиыны өтуде. Жиынның екінші күнінде Әл-Фараби ауданынан келген 1500-ден астам оқушы әскери өмір тәртібімен танысты.


Шымкент қаласындағы 10-сынып оқушыларына арналған 5 күндік оқу-дала жиыны басталды. Жаттығу №6506 әскери бөлімінің «Ақтас» оқу орталығы базасында кезең-кезеңімен өткізіледі. Жиынның басты мақсаты – жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, азаматтық жауапкершілігін арттыру және әскери қызметке дайындықтың бастапқы дағдыларын қалыптастыру.


БАҒЛАН ҮМБЕТБАЕВ, БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
20-сәуір күні Қаратау ауданының мектептері қатысты. Бүгінгі іс-шараға Әл-Фараби ауданынан 1580 оқушы қатысып, әскери-патриоттық тәрбие бағытындағы жиынға атсалысуда.


 Білім бөлімі бекіткен кестеге сәйкес, екінші күнгі оқу сабақтары жоспарға сай, жоғары деңгейде өткізілді. Оқушылар белсенділік танытып, берілген тапсырмаларды жауапкершілікпен орындауда.


АСАН АСЫЛХАН, ОҚУШЫ
Оқу жиынына келіп, әскери дайындықтан өтіп жатырмыз. Бүгін қаруды дұрыс қолдануды үйрендік. Сондай-ақ әскери жағдайдағы көмек көрсету тәсілдерімен таныстық


Айта кетейік, оқу-дала жиыны 20–24 сәуір аралығында ұйымдастырылады. Қаладағы 151 жалпы білім беру ұйымынан 6 мыңға жуық оқушы қатысуда. Жиын соңында үздік нәтиже көрсеткен оқушылар мен жетекшілер марапатталады.