Түркістан облысы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы жылдың бірінші тоқсанын қорытындылады. Кеңейтілген жиында саладағы өзекті мәселелер қаралып, атқарылған жұмыстардың нәтижелері сарапталды.
Жылдың алғашқы үш айында 7 584 шетелдікке уақытша тұруға рұқсат рәсімделіп, 166 шетелдікке Қазақстан визалары берілді. Сонымен қатар көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 7 749 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен 579 шетелдік ел аумағынан шығарылды. Жиын барысында алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалып, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктелді.