Енді шымкенттіктер азық-түлікті үйден шықпай-ақ тапсырыс арқылы ала алады. Ол үшін смартфоныңызға Freedom SuperApp қосымшасын жүктеп алу жеткілікті. Қосымшаның басты бетіндегі «Азық-түлік» батырмасын басу арқылы қажетті тауар түрін таңдай аласыз. Жүйенің артықшылығы мен ерекшелігі келесі бейнематериалда.
Freedom SuperApp-тың «Азық-түлік» қызметі алдымен Алматы, Астана және Қарағанды қалаларында іске қосылған. Енді шымкенттіктер де үйде отырып-ақ азық-түліктің 20 мыңнан аса түріне тапсырыс бере алады. Көкөністерден бастап түрлі тұрмыстық химия өнімдеріне, сусындар, ұн, сүт және ет өнімдеріне онлайн тапсырыс беруге болады. Тауар 60 минуттан бастап үйге жеткізіледі.
РУСЛАН ПОГОРЕЛОВ, FREEDOM АЗЫҚ-ТҮЛІК СЕРВИСІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ
Жылдар бойы жинақталған тәжірибеміз жаңа қалаларда қызметті сапаны жоғалтпай іске қосуға мүмкіндік береді. Шымкент тұрғындары үшін бұл — жаңа піскен өнімдердің есік алдына дәл уақытында және артық күш жұмсамай жеткізілуі деген сөз. Ал болашақ жоспарларымыздың қатарында жеткізу уақытын айтарлықтай қысқартатын дрон арқылы жеткізу қызметі бар.
Freedom SuperApp арқылы тікелей тапсырыс бергенде 26%-ға дейін кешбэк алуға болады. Тауар құнын Freedom Bank картасымен немесе жиналған кешбэк арқылы төлеуге мүмкіндік бар. Оны кез келген уақытта теңгеге айналдырып, картаға шығарып алуға немесе қосымша ішіндегі басқа қызметтерге жұмсауға болады.
РЫСБЕК РАХМЕТОВ, FREEDOM BANK АҚ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ФИЛИАЛ ДИРЕКТОРЫ
Біздің карталар өте қолайлы және тиімді. Бір-екі кликте ашылады, цифрлық түрде рәсімдеуге болады. Қажет болса, пластик карта курьер арқылы бір-екі күн ішінде жеткізіледі. Қазіргі таңда Шымкент қаласында Freedom Азық-түлік қызметінің ашылуына орай сәуір айының соңына дейін 26% кешбэк қарастырылған. Одан кейін 25%-ға дейін максималды кешбэк алуға мүмкіндік бар. SuperApp-ты App Store немесе Google Play арқылы жүктеп, ЖСН мен телефон нөмірін енгізіп, биометриядан өткеннен кейін картаңыз дайын болады.
Freedom SuperApp тауарды жеткізудің бірнеше түрін қарастырған. Алдағы уақытта тапсырыстарды дрон-курьер арқылы жеткізу мүмкіндігі де енгізіледі. Бұл тапсырысты алу уақытын едәуір қысқартып, жол жүктемесін азайтады. Freedom-ның пилотсыз жеткізу қызметі қазіргі таңда Алматы қаласында жұмыс істеп тұр.
РУСЛАН ПОГОРЕЛОВ, FREEDOM АЗЫҚ-ТҮЛІК СЕРВИСІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ
Шын мәнінде, біздің жүйеде дрон-курьерлік қызмет те қарастырылған. Бұл жүйе қазір Алматы қаласындағы дүкенде жұмыс істеп тұр. Өте тиімді, тапсырысты мекенжайға кедергісіз жеткізуге мүмкіндік береді. Алғашқы дрондар 3 шақырым радиуста қызмет көрсетеді. Болашақта бұл қашықтықты ұлғайту жоспарланып отыр.
Freedom Азық-түлік 2011 жылы құрылған. Қазіргі таңда Қазақстандағы онлайн азық-түлік жеткізу нарығының көшбасшылар қатарында. 2023 жылдан бастап Freedom Азық-түлік Freedom Holding Corp. экожүйесіне кіріп, Freedom Lifestyle Group-тың Lifestyle-кластерінің құрамына енді.