Қазақстанда 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып бекітілген. Бұл мереке Мемлекет басшысының бастамасымен 2024 жылдан бастап қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру, кітапқа деген сүйіспеншілікті арттыру және рухани дамуды қамтамасыз ету мақсатында атап өтіледі. Негізгі мақсаты – кітаптың білім мен тәрбиенің басты көзі екенін айқындау.


Осы күн аясында әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасының мерзімді әскери қызметшілері үшін Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханаға танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Сапар барысында сарбаздар кітапхананың мүмкіндіктерімен танысып, ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми мұрасы, философиялық көзқарастары және әлемдік өркениетке қосқан үлесі туралы кеңінен мәлімет алды. Қонақтарға заманауи цифрлық ресурстар, оқу залдары және білімге қолжетімділікті қамтамасыз етудің инновациялық тәсілдері таныстырылды. Әскери қызметшілер кітапхана мамандарымен әңгімелесіп, экскурсиядан кейін оқу залдарында әдебиеттермен өз бетінше танысты. Сарбаздар ұсынылған кітаптарды қызығушылықпен қарап, өздеріне қажетті тақырыптар бойынша оқыды. Олар кітапхананың қызмет көрсету деңгейін, қолайлылығы мен заманауи жұмыс форматтарын жоғары бағалады.