Жеңіл атлетикадан 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында Қазақстан чемпионаты басталды. Екі күнге жалғасатын жарыста қатысушылар 43 бағдарлама бойынша бақ сынайды.
17 жастағы Шерхан Егізбай – 17 дүркін Қазақстан чемпионы, Азия біріншілігінің күміс жүлдегері. Бұл жолы да жас спортшы қарсыластарына дес бермеді. Ол 5 шақырым қашықтықты 20 минут 41 секундта жүгіріп өтіп, ел рекордын жаңартты.
ШЕРХАН ЕГІЗБАЙ, СПОРТШЫ
Алғашқы рекордым 2021 жылы тіркелді. Содан бері бірнеше рекорд жаңарттым. 2021 жылдың қыркүйегінен бастап 17 рет Қазақстан чемпионатында жеңіске жеттім. 10 км, 5 км, 3 км қашықтықтарында, сондай-ақ 16, 18 және 20 жасқа дейінгі санаттарда өнер көрсеттім.
Жарысқа еліміздің барлық өңірінен 350-ден астам спортшы қатысуда. Екі күн бойы олар кіл мықтыны анықтайды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер алдағы халықаралық жарыстарға жолдама алады.
КЕЛБЕТ НҰРҒАЗИНА, ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ БАС ХАТШЫСЫ
Чемпионат қорытындысы бойынша спортшылар Азия чемпионатына іріктеледі. Сондай-ақ әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік алады.
Жарыстың ашық әрі әділ өтуі үшін жоғары санатты төрешілер тартылған. Олар бәсекенің әділ өтуін қадағалап, нағыз мықтылардың жеңуіне мүмкіндік береді.