Түркістан қаласында «Банктер және финтех–2026» екінші Орталық Азия қаржы-банктік форумы өз жұмысын бастады. Ауқымды іс-шараға отандық және шетелдік қаржы институттарының өкілдері, сарапшылар, инвесторлар мен IT саласының мамандары қатысып жатыр.


Бағдарлама аясында форумның ресми ашылуы өтіп, пленарлық отырыстар басталды. Қатысушылар қаржы секторындағы цифрлық трансформация, жасанды интеллектіні енгізу, төлем жүйелерін дамыту және өңірлік қаржылық интеграция мәселелерін талқылауда. Күн тәртібіне сәйкес пленарлық сессиялар екі бөлімнен тұрады, сондай-ақ қатысушылар үшін панельдік отырыстар ұйымдастырылған. Онда цифрлық қаржы активтері, open banking, киберқауіпсіздік, финтех шешімдер және халықаралық инвестициялар сияқты өзекті бағыттар қарастырылған. Форум аясында сарапшылар Орталық Азиядағы қаржы нарығының дамуы, ұлттық валюталардағы есеп айырысулар, блокчейн технологиялары мен жасанды интеллектінің ықпалы жөнінде пікір алмасып жатыр. Сонымен бірге банк саласында жасанды интеллектіні тиімді қолдану мәселелері де назарға алынған.


 ҚАНАТ ҚАЙЫПБЕК, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Түркістан облысы инвестициялық, аграрлық, өнеркәсіптік және туристік әлеуеті бар, Қазақстан Республикасында қарқынды дамып келе жатқан өңір. Аймақ табиғи ресурстар мен қазба байлықтарға бай. Еліміздің негізгі уран өндіруші өңірі болып табылады.»