Түркістан қаласында жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында ауқымды профилактикалық акция өтті. Прокуратураның ұйымдастыруымен, полиция органдарымен бірлескен жоба Түркістан облысының 9 ауданында бір мезгілде болды..
Іс-шара барысында жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттілігі кеңінен түсіндіріліп, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Азаматтарға жол қауіпсіздігі мәдениетін арттырудың маңыздылығы ерекше атап өтілді. Сонымен қатар, қала аумағындағы такси жүргізушілері мен жалпы көлік жүргізетін азаматтардың қатысуымен Түркістан қаласындағы «Ұлы дала елі» кешенінде арнайы профилактикалық жиналыс өтті. Жиналыс барысында құқық бұзушылықтардың салдары түсіндіріліп, заң талаптарын қатаң сақтау қажеттігі ескертілді. Бұл жұмыстар өңірде құқықтық тәртіпті нығайтуға және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған жүйелі шаралардың бір бөлігі.