Түркістан облысы Сайрам ауданында еркін күрестен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында республикалық турнир басталды. Қарасу ауылында ұйымдастырылған жарысқа еліміздің барлық өңірінен іріктелген 300-ге жуық спортшы мен 20 команда қатысуда.
Сонымен қатар көршілес Өзбекстан мен Қырғызстан елдерінен келген балуандар да бар. Қатысушылар 10 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынап, өзара үздіктерді анықтайды. Айта кетейік, турнир Қазақстан Республикасының құрметті құрылысшысы, еңбек ардагері, Сайрам ауданының құрметті азаматы Қалмұхамед Ділдәбекұлы Тұманбаевты еске алуға арналған.