• Бүгін студенттер арасында Қожа Ахмет Ясауидің рухани мұрасын насихаттауға арналған семинар-тренинг өтті. Жастар ғұламаның шығармашылығымен терең танысып, тарихи-танымдық еңбектердің маңызына тоқталды.

  • Тағылымды басқосу «Ұлы тұлғалар апталығы» жобасы аясында ұйымдастырылды. Семинар барысында арнайы шақырылған спикерлер ғұламаның өмір жолы мен өнегелі ғұмырына кеңінен тоқталып, оның түркі дүниесінің рухани дамуына қосқан өлшеусіз үлесін жан-жақты баяндады. Әсіресе, Ясауи ілімінің негізін құрайтын адамгершілік пен әділдік қағидалары терең талданып, бүгінгі қоғаммен сабақтастығы сараланды.

  •  САТТАР ЖАНБОЛАТОВ, М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ
     «Қожа Ахмет Ясауиді бүкіл әлем таниды. Қазақ руханиятына сіңірген еңбегі зор. Шығармалары арқылы оқырманды адамгершілікке үндейді. Бүгінгі шараның мақсаты да осы.»

  • Мазмұнды жиын барысында жастар рухани мұраның мәнін терең түсініп, ұлттық құндылықтарды ұлықтаудың маңыздылығына бойлады. Баяндамашылар ұлы ойшылдың еңбегіндегі хикметтердің тәрбиелік мәніне ерекше тоқталып, оның ғасырлар өтсе де маңызын жоймаған рухани қазына екенін атап өтті.

  •  ГҮЛНАРА ПАРПИЕВА, ШЫМКЕНТ АГРАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ЖАСТАР ТӨРАЙЫМЫ
    «Ұлы тұлға Қожа Ахмет Ясауидің ілімі мен білімі зор. Студенттерді арнайы әкеліп отырмыз. Білім алушылар ғұламаның шығармаларымен сусындап, өмірбаянымен танысты.»

  • Айта кетейік, «Ұлы тұлғалар апталығы» жобасы мамыр айына дейін жалғасады. Жоба аясында Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбайұлы, Ыбырай Алтынсарин сынды қазақтың біртуар перзенттеріне арналған танымдық іс-шаралар ұйымдастырылмақ.