Түркістан тұрғындары Сидней Олимпиадасының чемпионы, ұлт мақтанышы Бекзат Саттархановты еске алды. Кеш барысында фотокөрме ұйымдастырылып, боксшының өмірінен сыр шертетін бейнематериал көрсетілді.


Жиында зиялы қауым өкілдері сөз сөйлеп, спортшының жетістіктері жайлы ой бөлісті. Боксшыны еске алуға арналған турнирде жеңімпаз атанған жастар арнайы марапатқа ие болды. Кеш концерттік бағдарламаға ұласып, спортшының бапкері мен туған-туыстары естеліктерімен бөлісті.