Елордадан Шымкентке өнер көшi келді. Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры гастрольдік сапар аясында көрерменге ерекше музыкалық қойылым ұсынды. Қазақ ән өнерінің жауһарлары шырқалған кештің мазмұнымен әріптесім танысып қайтты.
АНЭЛЬ ӘЛІМБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ
Шымкент шаһары тағы бір тағылымды өнер кешінің куәсі болды. Шанин атындағы қазақ драма театрының сахнасында елордалық өнерпаздар ұжымы көрерменмен жүздесті. Дәл осы сәтте мұнда өнерді аңсаған халықтың қарасы қалың.
Есіл бойындағы терең тамырлы театрға биыл мерейтой. Елорданың мәдени өмірінде өзіндік орны бар өнер ұжымы 35 жылдық белеске қадам басты. Осы айтулы датаға орай басталған гастрольдік сапар аясында театр ұжымы көрерменмен қауышып, таңдаулы қойылымдарын өңірлерге ұсынып жүр. Алғашқы аялдамасы Түркістанда өткен өнер керуені енді Шымкент шаһарына да жетті.
Ән падишасы атанған Шәмші Қалдаяқовқа арналған бұл қойылым көптен бері көрермен назарына ұсынылып, өнерсүйер қауымның жүрегінен орын алған туындылардың біріне айналды. Композитордың өмірі мен ішкі әлемін арқау еткен спектакльде көрермен Шәмші болмысына жаңа қырынан үңіледі.
АНЭЛЬ ӘЛІМБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ
Осындай тағылымды кештер өнердің өміршең екенін аңғартады. Көрерменге рухани қуат сыйлаған қойылым ұзақ уақыт жадыда сақталары анық.