Төлеби ауданында Мемлекет басшысының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында кезекті жалпыаудандық сенбілік өтті. Эко акция Ленгір қаласындағы «Төлеби баба» саябағында ұйымдастырылды.
Сенбілікке аудан тұрғындары, еріктілер, мемлекеттік қызметшілер мен түрлі мекеме ұжымдары атсалысып, туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне өз үлес қосты. Жалпы саны 11 мыңнан астам адам жұмылдырылып, ауқымды жұмыстар атқарылды. Шара барысында аудан көлемінде 1500 түп көшет отырғызылып, жасыл аймақтар кеңейтілді. Сонымен қатар, 1000 гектар аумақ қоқыстан тазартылып, арнайы техникалардың көмегімен 20 тоннаға жуық тұрмыстық қалдық шығарылды. Айта кету керек, бұл — бір күндік науқан емес. Жыл басынан бері аудан бойынша 75 тазалық іс-шарасы ұйымдастырылып, оған 57 мыңнан астам тұрғын қатысқан. Нәтижесінде жүздеген шақырым жолдар, арық-атыздар мен су арналары тазартылып, қоғамдық орындар ретке келтірілді.
ЕРКЕҒАЛИ ӘЛІМҚҰЛОВ, ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Мына сенбілікте 1500 ағаш егіп жатырмыз. Бүгінгі сенбілікке 11 мыңға жуық адам жұмылдырылды. Барлық ауылдық округтерде 55 елдімекеннің барлығында сенбілік жұмыстар жүргізіліп жатыр. 100 ге жуық техника жұмыс істеп жатыр. Биыл өктемде 17 мың ағаш ектік. Жылдық жоспарымыз 55 мың ағаш егу. Бүгін соның 1500 ағашын егіп жатырмыз. Жалпы тазалық жұмыстары ары қарай жалғасады. Әр аптада Ленгр қаласын және де біздің туристік аймақтарымыз Сайрамсу өзені Ақмешіт Бірөлік елдімекендерінде тазалық жұмыстарын жүргізетін боламыз.