Өткен сенбіні қала тұрғындары ауқымды тазалық шарасымен өткізді. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында республикалық экологиялық акция ұйымдастырылып, Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен телекөпір өтті. Тікелей эфир барысында еліміздің барлық өңірінде жүзеге асырылып жатқан экологиялық жұмыстар таныстырылды.

Мемлекет басшысы табиғатты аялау, тазалық пен тәртіпті сақтау, сондай-ақ саналы ұрпақ тәрбиелеу бағытындағы бастамалардың маңыздылығын атап өтті. Президенттің айтуынша, өткен жылы республика бойынша 1200-ге жуық экологиялық іс-шара өткізіліп, 1 миллион гектардан астам аумақ тазартылып, 4 миллионға жуық ағаш отырғызылған. Сонымен қатар, игі бастамаға 800 мыңға жуық ерікті жастар қатысқан. Бұл акция Үшінші мегаполистеде қызу қолдау тапты. Жалпыұлттық экологиялық бастамаға  осы күнге дейін 660 мың тұрғыны атсалысты.

ӘБІЛҚАЙЫР ОҢҒАР, ҚАЛАЛЫҚ ЖАЙЛЫ ОРТАНЫ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
2025 жылы біз қала аумағына 152 мың ағаш көшеттерін ектік. Биыл ол жұмыстар жалғасын ьабуда. Биыл қала көшелеріне 4 млн жуық көпжылдық және бір жылдық гүлдер ектік. Экологиялық акция аясында «Мөлдір бұлақ» жобасы жүзеге асуда.

Шымкент қаласындағы Асанбай Асқаров атындағы Дендросаябақ аумағында өткен жалпы қалалық акцияға 2000-нан астам адам қатысты. Іс-шара барысында саябақ аумағы  толық тазартылды. Жұмыстарға 72 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Сенбілікке жастарда белсене атсалысты.


МЕРЕЙ АСҚАР, ЕРІКТІ
Президентіміздің бастамасымен «Таза Қазақстан» жобасы жастар үшін еліне жанашыр болуға таза қаланы насихаттауға үйретті. Жоба аясында ауқымды жұмыстар атқардық Біз тек ғана акцияны насихаттап ғана емес еліміздің жанашыры болуға мүмкіндік алдық.  

Республикалық акция аясында Шымкент қаласының тұрғындары да белсенділік танытты. Жалпы қала бойынша сенбілікке 55 мыңға жуық тұрғын қатысты. 352 бірлік арнайы техника тартылды. 401 тоннадан астам тұрмыстық қалдық шығарылды. 200-ден астам ағаш көшеті егілді.