Түркістанда шомылу маусымына дайындық жұмыстары басталды. Осыған орай тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кешенді шаралар қолға алынды.
Қалалық төтенше жағдайлар басқармасының ұйымдастыруымен су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Мамандар демалушылар көп шоғырланатын орындарды бақылауға алып, қауіптің алдын алу шараларын күшейтті. Әсіресе оқушылар арасында түсіндіру жұмыстарына басымдық берілмек. Осы мақсатта қала сыртындағы демалыс орындарында жоспарлы профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылуда.
БАҒЛАН БАҚЫТБЕКҰЛЫ, ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ ТЖБ АҒА ИНЖЕНЕРІ
Шомылу маусымында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар шара атқарылмақ.Қазіргі таңда жеке шомылу орындарымен арнайы меморандум түздік.Әлеуметтік осал топтағы балаларды бассейнде тегін шомылдырып, жүзуге үйретеміз.