Мегаполис тұрғындарын қолжетімді баспанамен қамту шаралары жалғасуда. Қалада тағы 15 отбасы қоныс тойын тойлайды. Салтанатты шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, қоныс иелеріне пәтер кілтін өзі табыстады.
Көптен күткен пәтер кілтіне қол жеткізгендердің бірі Таңшолпан Сейтханова. Ол ерекше ерекше баланың бағып отырған ана. Ол баспана кезегін 10 жыл бойы күтіпті. Армандаған баспанасы қол жеткізіп қуанышымен бөлісті.
ТАҢШОЛПАН СЕЙІТХАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Бүгін көптен күткен қуанышымызға жетіп отырмыз. Пәтер алдық. 10 жылдан аса күттік шүкір. Барплықтарыңызға рахмет.
Жаңа пәтер кілттері «2-10-20» және «5-10-20» жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалары бойынша кезекте тұрған тұрғындарға табысталды. Олардың қатарында көпбалалы отбасылар, I және II топтағы мүгедектігі бар азаматтар, толық емес отбасылар және әлеуметтік жағынан осал топ өкілдері бар.
КӨПЖАН ТӨЛЕБАЕВ, ТҰРҒЫН ҮЙ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
Жыл соңыена дейін жалдамалы пәтермен 1529 пәтер жоспарланған Бүгінгі таңға берілгені 820 пәтер. Қазір 15 азамат пәтерге қол жеткізіп отыр.
Биыл Шымкентте жалпы саны шамамен 6 000 пәтер беру жоспарланған. Қазіргі таңда кезекте 92 мың азамат тұр. Жыл соңына дейін тағы 744 жалдамалы пәтер беру көзделген. Сонымен қатар «Бозарық» тұрғын алабында 444 пәтерді бөлу жоспарланып отыр. Ал жақын уақытта «Ақжайық» шағын ауданында тұрғын үйлер пайдалануға берілмек. Бұл бағытта Отбасы банк үміткерлердің төлем қабілеттілігін тексеру бойынша конкурстық рәсімдерді аяқтап жатыр.