Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Қаратау ауданындағы Ақсүмбе көшесін ұзарту барысын тексерді. Бұл жоба Бәйдібек би даңғылының жүктемесін азайтып, қаланың көлік байланысын жақсартуға мүмкіндік береді.


 Әрі қарай Еңбекші ауданында ұн өндіруге маманданған «Ризаев» жеке кәсіпорнының жұмысымен танысты. Кәсіпорын тәулігіне 120 тоннаға дейін өнім шығарып, 16 адамды жұмыспен қамтып отыр. Компания басшылығымен өндірісті кеңейту мүмкіндіктері мен алдағы даму жоспарларын талқылады. Бұдан бөлек Қайнар бұлақ тұрғын алабында салынып жатқан ангар үлгісіндегі модульдік спорт залының құрылысын көріп шықты. Жобаны іске асыру спорт инфрақұрылымын кеңейтіп, бұқаралық спорттың қолжетімділігін арттырады. Құрылыс басқармасына сапаны бақылауды және қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ қалалық полиция департаменті ғимаратының қайта жаңғырту жұмыстарының басталуымен танысты. Жоба жедел қызмет бөлімшелерінің тиімділігін арттыруға және қызмет ету жағдайын жақсартуға бағытталған. Жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтау және барлық құрылыс талаптарын қатаң сақтау қажеттігін атап өтті.