Түркістан қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында кезекті ағаш егу акциясы ұйымдастырылды. Игі шара өңірдің экологиялық ахуалын жақсарту, жасыл желекті көбейту және тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру мақсатында өткізілді.


 Ауқымды акцияға Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай-қажы Тағанов, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, сондай-ақ құқық қорғау органдарының басшылары, дін ғұламалары, руханият саласының өкілдері мен ясауитанушылар қатысты. Іс-шара барысында қатысушылар өңірді көгалдандыруға өз үлесін қосып, ағаш көшеттерін отырғызды. Айта кетейік, 2 жыл көлемінде Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы  бастау алған сәттен бері  2 миллионнан астам ағаш отырғызылды. 11 саябақ, 8 сквер және 4 аллея ашылды. «Мөлдір бұлақ» акциясы арқылы 155 бұлақ, 77 өзен тазартылды. Биыл да 1 миллионнан астам ағаш егу жұмысы жүріп жатыр.