Сапалы, көркем салынған әрбір нысан, әбір ғимарат – қала көркін арттырып, туристер назарын аударады. Сондықтан, бой көтеретін сәулеттік жобалар халық кеңесінде талқыланып, кем-кетігі сараланады.

Тұрғын үй салар алдын мердігер компания халық пікіріне құлақ түріп, ұсыныстарын назарға алуы тиіс. Сонда ғана халық қажетіне жарайтын, ыңғайлы нысандар саны артады. Кезекті кеңес мәжілісінде осы сынды 14 жоба талқыға түсіп, сәулетшілер мен жауапты басшылардың, мамандардың сараптауынан өтті.
Облыс әкімі жауаптыларға жобалар жоспарын жүйелей түсу, әлеуметтік және туристік нысандар салу жөнінде нақты міндеттемелер жүктеді.