Үйінде арыстан асырап, жыртқыш құс ұстаған тұрғын құрықталды. Полицейлер жедел-іздестіру шаралары барасында сирек кездесетін жануарлар мен құстарға қатысты заңсыз әрекет жасау фактісін анықтады.



Нақтырақ айтсақ, Сарыағаш ауданы тұрғынының ауласынан арыстан, екі бүркіт, сұңқар, және екі үкі құсы тәркіленді. Ер адам жабайы аңдарды өз қажеттілігі үшін заңсыз асырған. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.


ГҮЛНАР АБДУЖАППАРОВА, ПД РЕСМИ ӨКІЛІ
 – «Бір арыстан, екі бүркіт, сұңқар, екі үкі және екі кекілік құсын тәркіледі. Ер адам жабайы аңдарды өз қажеттілігі үшін асырағанын жеткізді. Қазіргі уақытта осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.»