Қалада жыл басынан 2976 қылмыс тіркелген. Олардың 76-сы кәмелетке толмаған балалармен жасалған. Осындай өзекті мәселені көтерген құқыққорғау қызметкерлері жастармен жүздесті. Заң өкілдері мен өскелең ұрпақ "Заң сіз бен бізге ортақ" атты тақырыпта Жастар ресурстық орталығында бас біріктірді.  

Іс-шарада жастарға құқықтық сауаттылықты арттыру, қоғамда таралған лудомания мәселелері, интернет алаяқтық түрлері мен оның алдын алу, нашақорлықпен күрес және құқықбұзушылық тақырыптары жан-жақты талқыланды. Полиция департаменті бастығының орынбасары Арман Бейсенбаев жастарды құқықтық мәдениетті күшейтіп, заңға бағынудың маңыздылығын атап өтті.


АРМАН БЕЙСЕНБАЕВ, ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
 Заңда әр жасалған қылмысқа жаза қарастырылғанБірақ бүгін мен сіздерге 3 мыңға жуық қылмыстың жартысы алаяқтық

Жастар балаң көңілмен қылмыс жолына қалай тап болғанын білмей қалады. Әсіресе синтетикалық заттарды тарарату қылмысына желі арқылы жегілгенін аңғармай жатады.  Есірткі  өнімін таратқан бала 14 жастан бастап қылмыстық жауапқа тартылады. Оған жаза да қатаң.  Полиция қызметкерлері  нашақорлықтың алдын алу шаралары туралы мәлімет беріп, қоғамға зиянын түсіндірді.

БАУЫРЖАН ҚАРБЕКОВ, ПД ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСА МАҢЫЗДЫ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ
Әрбір жас өзін қылмыстық жолға бұрмай мұқият қарап жүру керек Барлықтарыңызды түсінеміз жаңа оқу жылына әр жерден келдіңіздер.

Мегаполис тұрғындарының 378 мыңы жастар. Интернет алаяқтық қылмысына  ұрынып жататындардың басым бөлігі де өскелең ұрпақ. Қалада орын алған 3 мыңға жуығының тең жартысы – алаяқтық. Бұл кездесу жастардың құқықтық білімін арттыруға және қылмыстарды алдын алуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды.