Қазақстан электронды үкімет бойынша әлемде 28-орында. Онлайн қызмет көрсетуде көш бастап тұрған үздік ондыққа енеді. Бұл – елімізде цифрландыру саласындағы жүйелі жұмыстың нәтижесі. Қашықтықтан қызмет алып, ІТ технологияның шарапатын көріп отырған қала тұрғындары игілікке разы.


Электронды үкімет порталы – халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын жеңілдеткен. Былтыр онлайнда ұсынылған қызмет түрі 50 млн-ға жеткен. Азаматтар сервистің 92 пайызын үйден шықпай-ақ алған.  


 Журналист Күнту Арынбек Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметіне көп жүгінбейді. Неке қию куәлігін де ұл-қыздарының туу туралы куәліктерін де онлайн рәсімдеген. Тіпті көлік құралын сатып алғанда да қашықтықтан қызмет алған. Цифрландырудың осы игілігі жұмысбастылар үшін тиімді, - дейді ол.


 КҮНТУ АРЫНБЕК, ЖУРНАЛИСТ
Мен Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, кезек күтіп, маманмен тілдесіп отырып уақыт жоғалтқым келмейді. Қызметтің бәрін онлайн алғанды дұрыс көремін. Мен халыққа қызмет көрсету орталығының қызметіне тек дайын құжатты алып кету үшін ғана барамын.


Шымкенттегі хылыққа қызмет көрсету орталықтары мемлекеттік қызметтер тізбегіндегі сервистің 97 пайызын көрсетеді. Азаматтар мұның барлығын электронды үкімет порталынан онлайн алуға мүмкіндіктері бар. Соған қарамастан орталыққа барып, мамандар қызметіне жүгінетіндер жоқ емес.


Елімізде электронды цифрлы қолтаңба алу қашықтықтан көрсетілетін қызметтің көш басында тұр. Кейінгі кезекте жылжымайтын мүлікті заңдастыру, неке қию, тту туралы куәлік рәсімдеуге өтініш бірдіру сынды сервистер тұр.