Салық төлеуге салғырттық танытатындар қатары артуда.   Бір ғана Әл-фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасымен  мыңнан астам азаматқа хабарлама жіберген. Мамандар кәсіпкерлерді  міндетті салықты дер кезінде төлеуге шақырады.


Аудан бойынша 18 487 кәсіпкер тіркелген. Оның ішінде 2338-і оңайлатылған декларация бойынша жұмыс істейді.  Ерекшелігі сол – бизнесте жүргендер әр алты айда есеп беруі керек. Осы санаттағы 1005 субьектіге салықты кешіктіріп жатқаны жөнінде хабарлама жіберілген. Басқарма енді олардан жауап күтеді. Хабарламаға құлақ аспағандарға әкімшілік айыппұл салынады.

ЖАҢАБЕК ӘБУБӘКІР, ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕРМЕН ЖҰМЫС БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ

Отыз күн уақыт береміз хабарлама жібергеннен кейін. Оныда ескермесе әкімшілік шара қолданамыз. Ескертуден кейін 30 мрп штраф болады.