Жалпыға бірдей 250.00 және 270.00 нысандары бойынша декларация тапсыру мерзімі демалыс күніне байланысты 16 қыркүйекке дейін ұзартылды.


Биыл 250.00 және 270.00 нысандары бойынша декларация тапсыру мерзімі 15 қыркүйекке тура келді, алайда бұл күн демалыс болғандықтан, мерзім автоматты түрде келесі жұмыс күніне ауыстырылады. Осылайша, салық төлеушілер декларацияларын 2024 жылғы 16 қыркүйекке дейін тапсыруға тиіс, — делінген мемлекеттік кірістер департаментінің хабарламасында. Сонымен қатар ведомство қолжетімді электрон қызметтерді еске салды, олардың көмегімен салық міндеттемелерін жылдам әрі кезексіз орындауға болады. Олардың арасында «Салық төлеушілер кабинеті», egov.kz Электрондық үкімет портал, e-Salyq Azamat және eGov mobile мобайл қолданбасы; Банк қолданбалары. Салық міндеттемелерін уақтылы орындау айыппұл санкцияларын болдырмауға мүмкіндік береді.