Келесі Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қызғызстанда өтеді. Дүбірлі дода 2026 жылға жоспарланған. Мұны көрші елдің мәдениет, ақпарат және спорт министрі Алтынбек Мақсұтов мәлімдеді.

Ал ел Астанасында өтіп жатқан Көшпенділер сайысының төртінші күні қазақстандық спортшылар асық атудан жеңімпаз атанды. А тобында қарсылас шақ келтірмеген ұлттық құрама ақтық сында Қырғыз спортшыларынан басым түсті.   Сондай-ақ ел зияткерлері Тоғызқұмалақтан да топ жарды. Жекелей сында ел спортшылары екі алтын, бір күміс және қола медальдарын еншілеп командалық есепте алға шықты. Қыздар құрамасы да арқан тартыстан күміс жүлде қанжығалап, Жәнібек Құлмырзаев пен Бақберген Сәлімов садақ атудан қола медаль жеңіп алды. Төртінші күн қорытындысына сәйкес Қазақстандық спортшылар  турнирлік кестеде әзірге топ бастап тұр.