Кентаулықтар Түркістан тұрғындарына бір тонна бауырсақ үлестірді. Мұндағы мақсат - қазақ кеңдігі мен баурымалдығын, қонақжайлығын көрсету. Осылай деген Кентаулық мемлекеттік мекемелер ұйымдасып, қала тұрғындарын мәз-мейрам етті. Этно ауыл мәдени кешенінде ұлттық тағамдар таныстырылып, ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлер дәріптелді. Ұлттық құндылықтар насихатталып, тарихи жәдігерлер көрсетілді. Арнайы көрме ұйымдастырылып, шеберлер қолынан шыққан бұйымдар сап түзеді.  «Қаратау тәжі» ұлттық ансамблі концерттік бағдарлама ұсынынып, патриоттық ән шеру шырқады.

 Болат Исабеков – төрт түлік жілігін, жауырын сүйектерін икемдеп, түрлі бұйым жасаумен айналысады. Бұрын тек ағаш өңдеумен ғана шектеліп келген шебер, бес жылдан бері сүйектен сувинир жасайды. Айтуынша, әр экспозитцияның астары, айтар ойы бар. Көрмедегі ерекшелік елге ұнап, туристер қызығушылығын оятты.

БОЛАТ ИСАБЕКОВ, ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРІ
 – Мына бір жұмысым мынадай.. Асығың алшыынан түссін деген. Түркия елінен сұрап, қалап, алып кетті көрмеге. Қазір сол жақта тұр. Мұның мағынасы міне анасы мен әкесі, баласын бейнелеген.  – «Мұны абайлап істемесең сынып қалады. Сынған жері жарамайды, кілейлеп жасай алмайсың»

Алтын құрсақты аналар текемет басып, құрақ құрастырды. Шеберлер ағаш өңдеп, темір ұсталары жұмыс барысын таныстырды. Жастар жағы сауық құрып, алтыбақанға тербеліп, асық атты.  Жас ақындар айтыс өнерін жандандырып, жыршылар дәстүрлі әннен шашу шашты.  «Шапалақ» театры «Аңыз астары» қойылымын сахналады.

 АҚНҰР БАЙБОЛОВА – КЕНТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ 
– «Кентаудың аңызына айналған азаматтар бар. Сол азаматтар жайлы таныстырып өттік. Жалғыз салт-дәстүрімізді ғана емес, бізге өнеге болған азматтар жайлы ақпарат беріп, олар қолданған бұйымдарды көрсеттік»



Айта кетейік, екі күнге жоспарланған мәдени шара бүгін де жалғасады. Қорытынды гала концертте өңір мақтаныштары таныстырылып, танымал жұлдыздар өнер көрсетеді деп жоспарланған.