Нашақорлық пен маскүнемдік еліміздегі өзекті мәселенің бірі. Қазақстанда 2023 жылы алкогольдің салдарынан зардап шегіп жатқан 90 мыңнан астам азамат есепте тіркелген. Арнайы тіркелмеген бірақ араққа деген ықыласы ерекше жандарды есептесе қорқынышты көрсеткіш болмақ. Үшінші мегаполисте маскүнемдікпен күрес қалай жүргізілуде? Тақырыпты тілші тарқатады.
Марат Омаров достарымен араққа сылқия тойып, көңіл көтергенді жақсы көретін азамат. Алғашқыда айына бір реттен татып көрсе, кейін жиілеген. Емдеу орталығына келер алдында күн құрғатпай ішіп, тоқтай алмай қалған.
Ал Владимир Иванов болса тапқанын есірткіге жұмсап есі кеткен. Наша тартамын деп, дүние мүлік бала-шағадан айырылған. Қазір мастықпен өткен өміріне өкініп бармағын шайнап отыр.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда ішімдікке тәуелді 90 981 адам есепте тұр. Оның 100-ден астамы балалар екен. Статистикаға сүйенсек, еліміздегі ер aзaмaттардың ішімдікке тәуелділігі 9 пайызға жуықтайды, Ал әйелдер 1,48 пайызды құраған. Шымкенттегі көрсеткіш те көңіл көншітпейді. Қалада 6081 адам «Д» бақылауға алынған. Олардың 4875 маскүнем, 1204-і нашақорлар есебінде тұр.
ЕРБОЛ ҚОЙБАҒАРОВ, «ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ» БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ
Психикалық денсаулық орталығында маскүнемдік пен нашақорлыққа салынған әйелдер де ем алады. Мегаполисте 800-ге жуық нәзік жанды есірткі мен ішімдікке тәуелділер қатарына тіркелген. Орталықта жылына 200-ден астам әйел ем қабылдап шығады екен.
РАУШАН БАЙМҰРЫНОВА, ПСИХИАТР-НАРКОЛОГ ДӘРІГЕР
- Бұл жерде науқас пациентпен бір ғана адам жұмыс істемейді. Командалық жұмыс дәріден бөлек психологиялық көмек береміз. Маскүнемге бірінші психологиялық көмек керек.
Қазақстанда алкоголь нарығы өсіп келеді, бұл спиртті ішімдіктерді сату көлемінің артуына тікелей байланысты. Барлық сатып алынған алкоголь көлемі 425,7 миллион литрге жеткен. Бұл көрсеткіштің 80% сыраға тиесілі. Еліміздегі барлар, дүкендер мен мейрамханалар 347,8 миллион литр сыра сатқан.