Қазақстанда қасқыр атуға рұқсат берілді. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Қазақстан аумағында қасқыр мен шибөріні аулауға қатысты құжатты әзірлегенін хабарлады.

«2025 жылдың 15 қаңтарында сағат 10:00-ден бастап санын реттеуге жататын жануарларды (қасқыр, шибөрі) аулауға рұқсат алу мүмкіндігі қолжетімді. Биологиялық негіздемеге сәйкес жануарлар санын реттеу мерзімі 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін бекітілген»                                        Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Жыртқышты Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Ұлытау облыстарында тек үй жануарларына шабуыл жасағаны жөнінде дәлелдер болған жағдайда ғана атуға рұқсат беріледі. Соңғы бес жылда, қасқырлардың саны салыстырмалы 13-18 мың басты көрсетіп тұр. Бұл биологиялық стандарт бойынша жануарлардың ұқсас түрлеріне қатысты қалыпты көрсеткіш. Қасқыр популяциясын реттеу мемлекеттік қызмет. Тиісті рұқсаттарды облыстық  орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциялары электронды түрде, egov.kz порталы арқылы қатаң түрде бөлінген лимиттік шектерде береді. Қасқырлар таулы аймақтарда  аулауды айтпағанда, қарда жүретін көліктердің көмегімен ұстаудың өзі қиынға соғатын түрлерге жатады.