Облыс әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданына арнайы іссапармен барып аймақ әл-ауқатымен танысты. Бірқатар нысандарды аралап, жұмыс барысын бақылады. Алдымен 73 мың адамға қызмет көрсететін аудандық емханаға табан тіреп, қызметкерлермен кездесті. Одан кейін айына 100 адамды қабылдауға қауқарлы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барды. Сапар соңын қарқынды дамып келе жатқан жиһаз кластерін аралаумен түйіндеді.
Денсаулық сақтау мекемесін аралап, медициналық қызмет көрсету сапасына мән берген өңір басшысы мүмкіндік пен тиімділікті одан әрі арттыру қажетіне тоқталды. Маңыздылығы жоғары нысан жұмысын жетілдіріп, оған қажетті тетіктерді ұштау қажетін шегемдеді. Жергілікті дәрігерлермен тілдесіп, ақхалатты абзал жандарға алғыс айтты.
Емхананың медициналық құрылғылары мен жабдықтары жаңарып келеді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының қаржыландыруымен емханаға флюрографиялық аппарат алынды. Сондай-ақ «Шорнақ» бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету орталығына жаңа ультрадыбыстық зерттеу аппараты орнатылып, оның көмегімен жоғары сапалы зерттеулер жүргізілуде. Одан бөлек, жедел жәрдем бөліміне де 3 жаңа санитарлық автокөлікпен толықтырылған. Емхана денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу қағидаларына сәйкес тиісті тексерістерден өтіп, 1-ші санатқа ие болған.
Өңірдегі маңызды әлеуметтік жобалардың бірі – «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы». 2023 жылы пайдалануға берілген нысан халыққа әлеуметтік қолдау көрсету бағытында белсенді қызмет атқарып келеді. 750 шаршы метрды құрайтын ғимарат айына 100 адамға қызмет көрсете алады. Сауытыру орталығы күнделікті 25 адамды қабылдауға қауқарлы. Мекемеде 20 адам тұрақты жұмыс істеп, тұрғындарға әлеуметтік қызметің түрлі бағыттарын ұсына алады. Облыс әкімі көмек алушылармен кездесіп, жағдайларын сұрады. Орталық жұмысын жан-жақты сараптады.
Өңір басшысы сондай-ақ «EDEM MEBEL» жиһаз фабрикасына да арнайы барып, жұмыс барысымен танысты. Фабрика корпустық жиһаздар шығару саласында елеулі қызмет көрсетіп, аймақағы өнеркәсіптің дамуына маңызды үлес қосып отыр.
ЖАЛИЛ ЖҰМАДІЛДАЕВ, БӨЛІМ БАСШЫСЫ
– «Халыққа тиімді, қол жетімді бағада тауарларымыз. Басқа қалаларға да тасымалдап, саудалап жатырмыз өндірісті. Алып жатқан адамдар да жақсы деп айтып жатыр»
Нұралхан Көшеров фабрика жұмысын оң бағалап, оның сапалы өнім шығару және тұрақты жұмыс орындарын қамтамасыз ету сынды маңызды міндеттерді атқарып отырғанын атап өтті. Қазіргі таңда фабрикада 40 тұрақты қызметкер жұмыс істейді, олардың орташа айлық жалақысы 200 мың теңгені құрайды. Фабрикасының жылдық қуаттылығы – 10 мың дана жиһаз түрлерін шығаруға қауқарлы. Аймақтық нарықта үлкен сұранысқа ие. Фабрика шығарған өнімдер Шымкент қаласы мен Түркістан, Қызылорда облыстарында сатылымға шығарылып келеді.