Түркістан қалалық мәдениет үйі жаңа жылды қайырымдылықпен бастады. Дәстүрге айналған игі шарада ерекше балаларға кеш ұйымдастырылып, ән мен биден шашу шашты.
«Мейірім жүрекпен шуақ сыйла» атты қайырымдылық концерті барысында мүмкіндігі шектеулі балалардың жүздеріне күлкі үйіріліп, бір сәтке ертегі әлеміне енді. Кеште олар да өз өнерлерін көрсетіп, қосыла би биледі. Өз кезегінде №1 Балабақша-мектеп-интернатының тәрбиешілері ем алушыларға көңілді кеш өткізуді жыл сайын үрдіске айналдырған. Мәдениет үйінің ұжымына ризашылықтарын білдірді. Орталықта жыл ішінде психоневрологиялық ауытқулары бар және тірек қимылы бұзылған 1,5 пен 18 жас аралығындағы 120 жеткіншекке көмек көрсетілген. Олар емін 6 ай сайын жалғастыруға мүмкіндігі бар.