«Қазақтелеком» Altel мен Tele2-ні ресми түрде сатты. Брендтердің жаңа иесі Қатарлық холдинг. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы мәлімдеді. Алайда нақты қаншаға сатылғаны туралы ресми ақпарат жоқ. Бұған дейін цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев оны 530 миллиард теңгеге бағалаған. Дегенмен нарықтағы жаңа бәсекелестің пайда болуы отандық операторларды қызмет құнын төмендетіп қана қоймай, олардың сапасын арттыруға ықпал етпек.