Түркістан қаласы облыс орталығы мәртебесін алғалы тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде. Десекте жаңғырған қалада баспанаға зәру азаматтар саны әлі де көп. Бүгінгі таңда 16579 адам тұрғын үй кезегінде тұр. Өзекті мәселені шешуге бағытталған жұмыстар баспасөз брифингінде айтылды.
Үй кезегінде тұрған азаматтардың 6417әлсіз топ санатына жатады. Көп балалы отбасы – 5030, бюджет – 4963, тұл жетім – 166, апатты үй – 3. Өткен жылдың қортындысымен жалпы 961 отбасы баспанамен қамтамасыз етілген. Одан бөлек, қаладағы тұрғын үйге мұқтаж адамдарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 944 пәтерлі 11 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.
ТАЛҒАТ ТӨЛЕГЕНОВ, ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Одан бөлек қазіргі таңда кезекте тұрған азаматтарға субьсидия қаралған. Ол 50-50 аренданың жартысын мемлекет төлейді.
Былтыр мемлекет басшысы кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойған болатын. Осы заңдағы өзгерістер түрлі санаттағы азаматтарға тұрғын үй кезегіне тұруға мүмкіндік беріп отыр.
ТАЛҒАТ ҮСЕНБАЕВ, ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
24 мамырдан бастап 2025 жылы Соңғы бес жылда тіркелген азаматтың атында үй тіркелмейтін болса кезекке тұруға мүмкіндік беріліп отыр. Қазіргі таңда 11 санат бойынша тұрғын үйге кезекке тұруға мүмкіндік бар.
Бұл санаттарға кірмейтіндер, қалдық бағалау құнынан алғашқы жарнасы - 30% төлеп, қалған сомманы 10 жылға бөліп төлеу арқылы жекешелендіре алады. Сонымен қатар қазіргі таңда қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізілуде, нәтижесінде жоғарыда аталған санаттарға кірмейтіндерге қалдық бағалау құнынан алғашқы жарнасы - 10% төлеп, қалған сомманы 15 жылға бөліп төлеу арқылы жекешелендіруге мүмкіндік береді.