2024 жылғы III тоқсанда Қазақстан Республикасы бойынша айлық жалақының орташа мәні 2023 жылғы тиісті тоқсанға қарағанда 11,3%-ға өсіп, 390 328 теңге болды. Қазақстан Республикасындағы жалақының медианалық мәні бағалау бойынша 2024 жылдың III тоқсанында 269378 теңге. Ең төменгі жалақы 85000 теңге мөлшерінде белгіленді.
 2023 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда айлық жалақысының орташа мәні 11,3%-ға өсті, нақты жалақы индексі 102,7%. Өткен тоқсанымен салыстырғанда айлық жалақысының орташа мәні 3,2%-ға төмендеді, нақты жалақы индексі 95,3% болды. ГРАФИКА: Өңірлік бөліністе 2023 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда 2024 жылдың III тоқсанында орташа айлық атаулы жалақының ең көп өсуі Шымкент қаласында – 16,1%-ға, Алматы қаласында – 15,2%- ға, Абай және Ақтөбе облыстарында – 14,2%-ға, Қостанай облысында – 14,0%-ды құрады. 2023 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғары өсуі ақпарат және байланыста – 28,1 есе, қаржы және сақтандыру қызметі – 24,3%-ға, жылжымайтын мүлікпен операциялар – 18,7%-ға, өнер, ойын-сауық және демалыс – 18,0%-ға, салаларында байқалды. Өнеркәсіпте орташа айлық жалақы – 13,8%-ға өсті, оның ішінде электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау саласында – 20,6%-ға, сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет саласында – 18,3%-ға.