Шымкентте имамдар Руханият марафонын ұйымдастырып, жүгіруден жарысты. Спорттық сайысқа қаладағы мешіттер мен медреселерден ниет білдіргендер қатысты. Бұл // Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының құрылғанына 35 жыл толуына орай // өткізіліп жатқан іс-шаралардың бір парасы ғана.
НҰРЛАН ПАЙЗОВ, ТІЛШІ
   Имамдар мешітте отырып жамағатқа уағыз айтқаннан өзге, түрлі спорттық  іс шараларға белсене ат салысып жүр. Биыл Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының  35 жылдығына орай , Шымкент қаласында түрлі іс- шаралар ауқымды түрде ұйымдастырылып отыр. Соның бірі  Асанбай Асқаров атындағы Дендрологиялық саябақтағы Руханият  марафоны. Спорттық іс-шараға қаладағы 100-ден аса мешіттің,  300-ден астам діни қызметкерлері қатысып , бақ сынап отыр.
Жалғас Мелдебек Әл-Біләл мешітінің намысын қорғады. Мұндай марафонға алғаш рет қатысуы. Бірақ ол бұған дейін дін өкілдері арасында  ұйымдастырылған басқа да спорттық сайыстардың талай рет жеңімпазы атанған. Бүгін де топ жарып, мәре сызығын бірінші боп кесті.
 ЖАЛҒАС МЕЛДЕБЕК , МАРАФОНҒА ҚАТЫСУШЫ
  Әл- біләл  мешітінің атынан және Сейіткәрім мешітінен келіп тұрмын. Әл біләл мешітінен медреседегі балалар қатсыты сонеың ішінен бірінші болып келдім.
 Руханият марафоны Шымкентте алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Қаланың бас имамы салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған іс-шараны  дәстүрлі түрде өткізуді жоспарлапты. Бүгінгі сайыста дін өкілдері дендросаябақта 5 шақырым қашықтықта жүгіріп өтті.
 БАҚДАУЛЕТ НҰРМАТҰЛЫ, БАС ИМАМ
Тұңғыш рет руханият марафоны ұымдастырылып жатыр. Бұл марафонға Шымкент қаласындағы  300- ден астам дін қызметкерлері қатысып жатыр. Қатысушыларға арнайы жүлделер, орындар бар. Осы іс-шараны тек қана 35 жылдыққа орай емес, жалпы әр тоқсанда ұйымдастырып, имамдардың басын қосып, осындай іс-шаралар өткізсек деген ниетіміз бар.
Имамдар спорттық жарыстың түр-түрін ұйымдастырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруда барынша өз үлестерін қосып келеді. Жасыл алаңда доп теуіп, ләңгі, арқан тарту, гір көтеру, шекемтас сынды ұлттық ойындарды да насихаттап жүр.