Түркістан облысында ортақ жайылым жерді қайтару жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Аталған саладағы мәселелер облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде талқыланды.
Облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Ерғали Тілегеннің айтуынша, өткен жылы 60 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтару жоспарланып, есепті мерзімде 70 900 гектар қайтарылған. Нәтижесінде, жайылым тапшылығы төмендеп, 608 мың гектарға жеткен. Жалпы, өңірдегі барлық жер қоры 11 млн 610,3 мың гектарды құрайды. Бұл ретте, аймақ басшысы жайылым жерді қайтару жұмыстарын жандандыруды тапсырды.