Ең төменгі жалақы – орташа айлықың жартысына тең болуы керек. Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы осылай дейді. Бұл халықаралық талапқа сай ұсыныс екен. Еңбек қатынастарындағы басты принцип - адам құқығы мен оның өмір сүру деңгейінің жоғары болуы екен.
 Айгүл Мақашева медициналық мекемеде санитар болып қызмет атқарады. Жұмысы ауыр әрі кейде қауіпті. Палатаны тазалау, дезинфекциялық жұмыстар, науқастарға күтім жасау мойнында. Ал осы еңбегіне алып жүрген жалақысы жұмысына сай емес деп санайды.
АЙГҮЛ МАҚАШЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ                   

                «Біздің жұмысымыздың маңыздылығын көп бағаламайтын сияқты. Біз науқастардың қауіпсіздігі мен денсаулығы үшін бар күшімізді саламыз, бірақ осы жалақымызды көтерсе екен деп ойлаймыз. Айлық азық-түлікке де жетпей қалады. Мен енді ата-анаммен тұрам, отбасын асырайтындарды тіпті айта алмаймын»
 Кәсіподақ төрағасы өз тарапынан Заңнамаға бірқатар өзгеріс енгізуді ұсынған. Біріншіден, митингілерді өткізу тәртібін жеңілдету. Жұмысшылар дауы туған кезде мәселені ушықтырмау үшін қарау уақытын қысқарту қажет – дейді ол. Еңбек қатынастары кезінде Халықаралық еңбек ұйымының конвенциясын қолдану да адам құқығының сақталуына сеп болмақ.
 БАУЫРЖАН ӘЛТЕЕВ, «ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ОРТАЛЫҒЫ» АУМАҚТЫҚ КӘСІПОДАҚТАР БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ          
    «Ең төменгі айлықты көбейту. Неге? Өйткені, әлемдік дәрежеде ол басқаша методика бар. Санауы. Мысалы, Шымкентте 328 мың болса орташа айлық, соның тең жартысы төменгі айлық болуы керек. 170 мыңнан жоғары. Ал бізде қанша? 85 мың»
 Ең төменгі күнкөріс деңгейінің белгіленуі әлемдік стандартқа сай болуы қажет – дейді кәсіподақ бірлестігінің төрағасы. Мемлекет үшін басты құндылық – адамдардың өмір сүру деңгейін жақсарту. Адал еңбекке лайық еңбек орны, тұрақты табыс, ыңғайлы орта қалыптастыру шарт. Кәсіподақ федерациясы мамандандырылған ауданаралық еңбек қатынастарын реттейтін сот құруды да ұсынып жүр.