Жаңа маусым тағы бір тың жобамен толығады. Эфирге «Үміт» ток-шоуы жол тартпақ. Бағдарлама сүрінгенге сүйеніш, жығылғанға демеу болуды көздейді.  Күрделі тақырыптарды талқылап, күрмеуі қиын түйінді тарқатуға тырысады. Ажырасулар жиілеп барады. Отбасы құндылықтарын қалай сақтаймыз? Туа сала баласын қоқыс жәшігіне тастайтын безбүйрек аналар неге көбейіп барады? Осы және өзге де тақырыптар «Үміт» алаңының арқауы. Бағдарлама жолсызға жол көрсетіп, адасқанға жөн сілтейді. Амалсызға  үміт сыйлайды.

 Бағдарламаның алғашқы қонағы – Хален Сейдақпаров. Науқас әйеліне бүйрегін беріп, аманатын аман алып қалған. Мұнысын ол ерлікке баламайды. Ар алдындағы міндетім, махаббатқа адалдығым дейді.

ХАЛЕН СЕЙДАҚПАРОВ, ДОНОР
 – Өзім келдім бұл қадамға. Енід өмірлік жарың болғаннан кейін. Алланың алдында ант етіп..».« Бұның жаны ауырса менің де жаным ауыратын еді да. Аллаға шүкір, қасымда қазір.»

Бағдарлама әйел жанына үңіледі. Оның табиғаты мен болмысын зерттеп, мәселесін сараптайды. Тиісті мамандарды қонақ етіп, нәзікжандыларға ақыл-кеңес береді.
 
 ФАРИЗА ҚҰРМАНБЕК, ЖҮРГІЗУШІ-РЕДАКТОР
– «Неге мына Шымкентте аналар үйі бар? Демек қасірет көретін әйелдер бар деген сөз! Неге бізде балалар үйі бар.. Оны туған ана ғой Сондай мәселелерге де тоқталып мамандар қосамыз»

 Ерғали Наурызбаев – телеарна дизайнері. Кадрдан тыс маман. Бағдарламаны безендіру, анимациялық графика, әрлеу жұмыстарын атқарады. Айтуынша, он бес секунттық дизаин, сіз бен ойлағандай оңай емес. Біршама ізденіс пен уақыт талап етеді.

ЕРҒАЛИ НАУРЫЗБАЕВ, ДИЗАЙНЕР
 – Негізі он бес секундтық нәрсе бір күннен үш күнге дейін, тіпті бір айға дейін уақыт кетеді. Оның ішінде 3d анимация, 2d анимация деген сияқты күрделілігіне байланысты уақыт кетеді.»

 Бағдарлама он үшінші қыркүйектен бастап, әр аптаның жұма күні, сағат 20:10-да эфирге жол тартады.