Түркістан облысында су нысандары қалыпты жағдайда. Құбырларды жөндеу жұмыстары жаңашаға бағытта жүзеге асып жатыр. Оған «Тұран су» мекемесінің үлесі ерек.


Облыс аумағында су нысандарын реттеу, су шаруашылығын тиімді жүргізу, каналдарды жөндеу жұмыстары қарқынды. 2024 жылға егістікке 817 млн текше метр жоспарлы ағын су лимиті бекітілген. Бүгінгі таңда босатылған су көлемі 632 млн.ға жеткен. Төлеби ауданындағы «Ащы» су қоймасын күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынбақ. «Рабат» су қоймасына «Сифон» қондырғысы және 10 дана жарықшам орнатылды. «Көкібел» су қоймасының төменгі жағына су фильтрациясын жою жұмыстары жүргізілген. Мекеменің I категориялы лицензиясы, 3 өндірістік техникалық базасы, 85 арнайы техникасы бар. 2024 жылы Ордабасы, Сауран, Қазығұрт, Шардара, Сайрам аудандарындағы 9 су нысанының 96 шақырымына күрделі жөндеу жоспарланған. Қазіргі таңда 58 шақырымы жөнделді. Нәтижесінде 15 391 гектар суармалы жер сумен қамтамасыз етіле бастады.  Шардара ауданының 6 ауыл округінде ұзындығы 958 шақырымды құрайтын қашыртқылардың 1025 шақырымына механикалық тазалау жұмыстары атқарылған. Мекеменің техникалары мен мамандары еліміздің батыс өңірлеріндегі су тасқыны салдарын жою жұмыстарына да атсалысқан.


ДОСХАН ЛЕСОВ, «ТҰРАН СУ» МКМ БАСШЫСЫ
---Экологиялық қажеттілікке 272,8 млн су босатылып, жоспар 2,1 есеге артығымен орындалып отыр. Ауданнан қабылданған су қоймаларды зерделеп, Ащщы су қоймасына сараптама қорытындысы алынды.