2025 жылы Қазақстанда зейнетақы төлемдері мөлшері өседі. Бұл туралы толық мәліметті Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі берді.
Әлеуметтік кодекстің 197-бабына сәйкес, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін жыл сайын арттыру республикалық бюджет туралы заңда жылына белгіленген тиісті қаржы мөлшерінде жүзеге асырылады. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жасына және еңбек сіңірген жылдарына байланысты зейнетақы төлемдерін 8,5 пайызға арттыру жоспарланған.2025 жылы зейнетақының ең төменгі мөлшері 95 131 теңге, ең жоғары мөлшері – 213 046 теңге болады. Алдағы өсім барлық 2,4 миллион зейнеткерге қатысты болмақ.